Майкл Кёртис (, туған кездегі есімі — Мано Каминер, 1905 жылдан бастап — Михай Кертес; ; 25 желтоқсан 1886, Будапешт, Аустрия-Мажарстан — 10 сәуір 1962, Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) — мажар және америкалық кинорежиссёр, тарихтағы ең өнімді режиссерлердің бірі ретінде танымал. Ол 160-тан астам фильм түсірді, соның ішінде «Касабланка» (1942) және «Милдред Пирс» (1945) сияқты табысты туындылар бар. Кёртис дыбыссыз кино дәуірінің классикалық фильмдерін және Голливудтың студиялық жүйесі үстемдік құрған Алтын ғасырында көптеген басқа да туындыларды түсірді.

Өмірбаяны Кёртис Будапешттің дәулетті еврей отбасында дүниеге келген, бірақ 17 жасында цирк трупасына қабылданып, актерлік шеберлікке оқи бастады. Сахналық өнер көрсетуді Мажарстан мен Данияда фильмдер түсірумен қатар ұштастырды. Дәл осы режиссер Мажар тіліндегі алғашқы толықметражды фильмді түсірді (1912). 1917 жылға қарай оның еншісінде 14 фильм болды; ондағы басты рөлдерді оның жұбайы Люси Дорейн (1898—1989) сомдады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Каминер жаяу әскер сапында қызмет етті. Мажарстан киноиндустриясының ұлттандырылғаны туралы жарияланған 1919 жылдан кейін режиссер өз мансабын Еуропаның басқа елдерінде жалғастырды, ал 1926 жылы Уорнер ағайындылары оны Голливудқа шақырды.

Түсірілім алаңындағы қатал басшы ретіндегі беделіне қарамастан, Каминер Warner Bros. студиясының ең сұранысқа ие режиссеріне айналды. Оның еншісінде Эррол Флиннмен бірге түсірілген шытырман оқиғалы фильмдер (кейіннен оған режиссердің әйелі Лили кетіп қалған), басты рөлді Джоан Кроуфорд сомдаған классикалық нуар жанрындағы «Милдред Пирс» фильмы және Голливуд тарихындағы ең танымал туындылардың бірі — Хамфри Богарт пен Ингрид Бергман қатысқан «Касабланка» туындысы бар.

Дереккөздер

Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Обырдан қайтыс болғандар