Жартас – Сарытаудың оңтүстік-батыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Семізбұғы ауылының солтүстік-батысында 12 – 13 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 – 5 км-ге созылған, ені 2 – 3 км. Ең биік жері 800 м.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері тік, сай-жыра, аңғарлармен қатты тілімденген. Жартастың оңтүстік-шығыс бөлігінде түп жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары