Талқара – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл, Шортанды аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 2,3 мың км². Жылдық су ағыны 29,6 млн. м3.

Бастауы Көкшетау қыратының оңтүстігіндегі Талқара ауылының солтүстігінен басталып, Ақкөл, Шортанды аудандары жерімен ағып, Қалқұтан өзеніне құяды.

Гидрологиясы Су жиналатын алабы сәл жонды-төбелі, қырқалы-шоқылы келген. Орта ағысында бетеге аралас әр түрлі шөптер өскен, төм. ағысындағы жайылмасында сортаңды шөптер басым дала ландшафтысы қалыптасқан. Су жиналатын алабының басым бөлігі жыртылған. Су жиналатын алабының 26%-ын шоқ қарағайлы орман алып жатыр. Аңғарының ені жоғарғы ағысында 2 – 3 км, төменгі бөлігінде 1,0 км. Жайылмасының ені 50 – 300 м. Жазда кейбір жылдары құрғап қалады. Грунт және жауын-шашын суларымен толығады. Суының минералдылығы жаз, қыс айларында 700 – 1000 мг/кг, кермектілігі 6 – 7 мг экв. Негізгі саласы – Степная (ұзындығы 12 км). Талқараға одан басқа шағын екі өзенше құяды. Суы егістік, мал суаруға, ауыз суға жарамды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы өзендері Санат:Шортанды ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы