Қызтоған, Қызтоғансай – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы, Меркі ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 279 км².
Бастауы Бастауын Талас Алатауының солтүстік беткейінен алып, жоғары ағысы Тәтті ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жағасы тік жарлы, ағыны қатты. Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Егіс суаруға пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу су алабы