Қызыр қожа хан (1363 дейін – 1399) – Моғолстан ханы (1389 – 1399). Ол 1360 ж. Қамар Ад-Дин бүлігі кезінде аман қалған хан әулетінің өкілі болды. 1389 ж. дулат әмірлері оны хан етіп көтереді. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорығына төтеп беру үшін Ақ Орда билеушілерімен одақ құрады. 1390 – 1391 ж. Әмір Темір 120 мыңдық әскермен Моғолстанға кіргенде Қызыр қожа хан оған қарсы тұруға төтеп бере алмай Шығыс Түркістанға барып паналайды. Ол жерде Әмір Темірдің әскерінен жеңіліс тауып, оған тәуелді болатындығын мойындайды. Қызыр Қожа хан бұдан кейінгі кезеңде исламды тарату мақсатында Қытай иеліктеріне бірнеше жорық ұйымдастырды. Оның Мұхаммед, Шами Жақан, Накши Жахан, Шер Әлі оғлан атты ұлдары болған.

Дереккөздер [Қазақстан энциклопедиясы]

Санат:Орталық Азия тарихы Санат:Моңғол хандары