Көкдөнен (1993 жылға дейін — Калинино)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Көкдөнен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан батысқа қарай 12 км жерде, бұта аралас бидайық, қияқ, т.б. шөптесін өскен тау алдының қызыл қоңыр, қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2063 1771 85,8 1017 865 85,1 1046 906 86,6
Тарихы Іргесі 1958 жылы Ленин атындағы қой ұжымшары ретінде қаланған. Оның негізінде Көкдөненде және округке қарасты ауылдарда 2 өндірістік кооператив, 96 шаруа қожалықтары, серіктестіктер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Ауылда 4 орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері