Тау — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Тау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)нан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, көкпек, жусан, еркекшөп аралас өскен шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1221 адам (609 ер адам және 612 әйел адам) болса, 2009 жылы 1216 адамды (580 ер адам және 636 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 901 адамды (460 ер адам және 441 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1965-1997 жылдары “Қайрат” қой кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Тауда және округке қарасты Жұмаев, Жігер ауылдарында серіктестіктер мен 73 шаруа қожалығы құрылған.

Дереккөздер

Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері