Сарытау – Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданының жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, ені 15 км шамасында. Абсолюттiк биіктігі 3523 м.
Геологиялық құрылымы Сарытау төменгі тас көмір дәуірінің шөгінділері мен гранитті интрузиялы тау жыныстарынан түзілген. Жота қырқасы арқылы Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік шекарасы өтеді.
Өсімдігі Солтүстік беткейінде 2800 — 3000 м биіктікке дейін орман өседі. Субальпі, альпілік шалғындар жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қытайдағы бөлігінің атауы — Үйсінтау (қытай. - “Усунь Шань”) деп аталады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары