thumb|110px|Родий Rh|солға Родий (латын. Rhodіum; Rh) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 45, атомдық массасы 102,905; платиндық металдарға жатады. Көгілдір, күміс түсті, сынғыш, баяу балқитын, қатты металл; тығыздығы 12,44 г/см³, балқу t 2020 °С, қайнау t 3727 °С. Кристалдық торы қырлары орталықтандырылған куб тәрізді. Табиғатта бір тұрақты изотопы (^{103}_{45}Rh) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 1•10-7%. Родийді 1804 ж. ағылшын химигі У.Х. Волластон (1766 — 1828) ашты.
Тотығу дәрежесі +3, сирек жағдайларда +1, +2, +4, +6, химиялық инертті. Қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп, суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін кристалл (Rh2O3) түзеді; галогендермен 200 — 600 °С-та реакцияға түсіп, суда нашар еритін тұздар (RhF3, RhCl3, RhBr3, RhI3) түзеді. Родийдің нитраты мен сульфаты суда жақсы ериді. Родийді алу үшін платина аффинажының өнімдеріндегі [Rh(NH3)3Cl3]-ті инертті газ ағынында қыздырып, бөлінген кеуекті Родийді HCl-мен шайып, 900 °С-та сутекпен металл родийге дейін тотықсыздандырады. Физикалық қасиетіне байланысты Родий вискоза және шыны талшықтар өндірісінде фильер жасауда, катализатор ретінде, прожектор мен рефлекторлардың айналарына сақтандырғыш плёнка дайындауда қолданылады. Платинародийлік терможұп Халықаралық температуралық шкалада стандарт болып саналады.
Физикалық қасиеті Родий – қатты, күміс сұр түсті металл. Тотықсыздандыру жолымен тұздардан алынған химиялық таза родий ашық сұр түсті ұнтақ немесе губка түрінде болады, балқыған кезде түсі алюминийге ұқсайтын металл түзеді.
Өте жұқа родий ұнтағы қара түсті және родий қара деп аталады. Бұл пішінді тұздарды гидразинмен, формалинмен немесе аммоний форматымен тотықсыздандыру арқылы алады. Қасиеттері бойынша қара родий платина қарасына ұқсас – ол күшті каталитикалық қасиеттерге ие және сутегін белсенді түрде сіңіруге де қабілетті.
Родий электромагниттік спектрдің көрінетін бөлігінде электромагниттік сәулелердің жоғары шағылысу қабілетіне ие, сондықтан ол «беттік» айналар жасау үшін кеңінен қолданылады.
Родийдің таралған аймақтары Родий көбінесе алтын және платина тобы металдарының кендерімен бірге кездеседі. Дүниежүзіндегі родий қорының едәуір бөлігі Оңтүстік Америкадағы алтынды құмдарда, сондай-ақ Мексикадағы платина кеніштерінде орналасқан. Алайда құрамы родийге бай деп саналатын кендердің өзінде родийдің пайыздық үлесі 0,5 - 4,5 пайыз арасын қамтиды.Курс неорганической химии, ISBN 9785458512756
Дереккөздер
Санат:Химиялық элементтер Санат:Платина тобы металдары