Родина — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Родина ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Арқалық қаласынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде, Ақжар өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 3224 адам (1573 ер адам және 1651 әйел адам) болса, 2009 жылы 2529 адамды (1247 ер адам және 1282 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1965 жылы қаланды. 1970 жылы Торғай облысының құрылуына байланысты Арқалық ауданының орталығы Родина ауылына көшірілді. Ауылда 1971 жылы астық өсірумен айналысатын “Родина” кеңшар-техникумы, 1980 жылы ғ37 кәсіптік-техникалық мектеп, 1982 жылдан Қазақ КСР Энергетика министрлігі электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорны мен Арқалық аудандық тұтынушылар қоғамының қосалқы шаруашылығы болды. 1996 жылы кеңшар және қосалқы шаруашылық негізінде Родинада ЖШС, ұжымдық кәсіпорын және 25 шаруа (фермер) қожалығы құрылды.
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі елді мекендері