Шабарман— билеушілердің бұйрығын, жарлығын, олардан тарайтын жаңалық хабарларды халыққа жеткізетін "алып кел", "барып келдің" адамы. Қазақстанның Ресейге толық отар болған 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20-ғасырдың бас кезінде болыс, билердің, губерния, уезд бастықтарының қарамағында арнаулы Шабармандары болды. Олар жоғары ұлықтардың бұйрық-жарлығын жеткізіп қана қоймай, момын елге үстемдік, күш көрсету үшін де пайдаланылған. Сондықтан Қазақстанның кей жерінде Шабарман сөзінің “шапқыншы”, “тонаушы”, тағы басқа мағыналары бар.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Алып келу, келтіру Ресей Дереккөздер

Санат:Ресей империясы Санат:Билеушілер