Нұрмахан Жұматаев (4.2. 1919 жылы туған, Келес ауданы Мамынт ауылы) – Cоциалистік Еңбек Ері (1948), құрылысшы. 1939 – 45 жылдары Кеңес Армиясы қатарында, 1946 жылы Сарыағаш ауданында құрылысшы, 1961 жылы құрылыс бригадирі, Келес ауданында жылжымалы механикаландырылған колоннаның 1-учаскесінде үлгілі құрылыс бригадирі болды. Еңбектегі үлкен жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1948 жылы 23 шілдедегі Жарлығымен Cоциалистік Еңбек Ері атағын берді. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:Социалистік еңбек ерлері