Ролл (нем. rolle — білік) — қағаз дайындауға қажетті талшықты материалдарды қысқа және жұқа етіп ұсақтау үшін қолданылатын машина. Ролл алғаш рет 17 ғасырдың екінші жартысында жасалды. Оны алғашқыда голландер не голлендер деп атады. Роллдың ұсақтағыш тетігі біреуі қозғалмайтын, екіншісі айналмалы барабанға бекітілген екі түрлі пышақтан тұрады. Ұсақтағыш тетік су және ұсақталатын талшықты материал араластырылатын астауға орнатылады. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ролл · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.