Кәлменов Атлаш Алпысбайұлы (1902, бұрынғы Ақтөбе губерниясында, Темір уезінде – 1938) — қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.

1917 жылы Ақтөбе қаласындағы гимназияны, 1921 жылы Ташкенттегі жұмысшы факультетін, 1935 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жоспарлау академиясын бітірген. 1922–1926 жылдары Орынбордағы мемлекеттік сауда мекемесінде уәкіл, Темір уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Адай уездік комитетінің хатшысы, уездік революция комитеттің төрағасы, қаржы бөлімінің меңгерушісі болды. 1927–1935 жылдары Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссариаты бюджет басқармасының бастығы, мемлекеттік сақтандыру басқармасының уәкілі, Қарақалпақ облысы қаржы бөлімінің меңгерушісі, РКФСР Қаржы халық комиссариатында аға нұсқаушы, БОАК жанындағы Қарақалпақ АКСР-інің өкілі, 1935 жылдың сәуірінен 1936 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақ АКСР-і жергілікті өнеркәсіп халық комиссарының орынбасары, 1936 жылдың қыркүйегінен 1938 жылдың қаңтарына дейін халық комиссары қызметтерін атқарды. 1938 жылы қаңтарда тұтқындалып, атылды. 1957 жылы маусымда ақталған.Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1948), А., 2004.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Темір ауданында туғандар Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері