Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков (1 тамыз 1953 жылы туған, Талас ауданы, Ақөзек ауылы) – Экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны Мәскеу басқару институтын (1982) бітірген. Мамандығы – инженер-экономист. 1968 – 72 жылдары Сарысу аудандық Байқадам ауылындағы кәсіптік-техникалық училищенің оқушысы Талас ауданындағы Жданов атындағы кеңшардың тракторшысы, клуб меңгерушісі. 1972 – 87 жылдары Қаратау қаласындағы Тау-кен құрылыс техникумының студенті, әскер қатарындағы қызмет, Мәскеу басқару институтының студенті. 1982 – 87 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық және Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институттарының оқытушысы, Қазақ политехникалық институтының аспиранты. 1989 – 90 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, сектор және бөлім меңгерушісі. 1990 – 93 жылдары Алматы қалалық әкімшілігі экономика жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, төрағасының орынбасары. 1993 – 94 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті аппаратының сектор меңгерушісі. 1994 – 97 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 1997 – 98 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда мин-нің Аймақтық саясат және әлеуметтік сала департаментінің директоры, Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігінің басқарма бастығы. 1998 – 2003 жылдары Ақмола облысы статистика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы. 2003 жылдың қаңтар айынан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
Дереккөздер
Санат:1 тамызда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Талас ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары