Тұрысов Қаратай (2 Ақпан 1934 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы – 1 Тамыз 2004, Астана қаласы) – мемлекет қайраткері, экономика ғылымының докторы (1993). Қазақстан Республикасы Инжинер академиясының академигі (1993). Қысқаша өмірбаяны: Шанышқылы тайпасының Жұдырық руынан шыққан.Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. ISBN 978-601-7007-86-7. Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
1955 жылы Мәскеу геология барлау институтын бітірген; 1972 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген; 1980 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылығы академиясын бітірген; 1955–1963 жылдары Павлодар, Қарағанды облыстарында геология барлау партияларының бастығы; 1963–1964 жылдары Ақшатау аймағында партиялық-мемлекеттік комитетінің төрағасы; 1964–1971 жылдары Қаражал қалалық партия комитетінің 2-, 1-хатшысы; 1971–1974 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-де инспектор; 1974–1978 жылдары Торғай облысы партия комитетінің хатшысы; 1980–1981 жылдары Қазақ КСР-інің өнеркәсіпте жұмыс қауіпсіздігін бақылау мен кен бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы; 1981–1984 жылдары Қазақстан Республикасы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы; 1984–1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы; 1986–1990 жылдары ВЦСПС-тің хатшысы; 1990–1991 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР-і Экономикалық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақ КСР-і Премьер-министрінің орынбасары; 1991–1993 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрі; 1993–1994 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, «Яссауи» туристік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы. 1995–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
«Управление социальными процессами в период перехода к рыночной экономике в Республике Казахстан» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер:
Санат:Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағалары