Баймұхамет Шағыров (22.8. 1902, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы — 26.9.1986, Алматы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері.

1919 жылы Талдықорған ауыл шаруашылығы мектебін, 1926 жылы Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы партия мектебін бітірген. 1919 — 25 жылы Талдықорған уезінде партия комитетітінің хатшысы, уездік “Қосшы” одағының төрағасы, 1926 — 37 жылы Алматы, Орал, Қостанай облыстарында, Қазақ АКСР-і жабдықтау халық комиссариатында жауапты қызметтер атқарған. 1937 жылы Қазақ КСР-і юстиция халық комиссары қызметіне тағайындалып, 1938 жылы КСРО Жоғарғы Сотына мүше болды. 1939 жылы “Халық жауларын іздестіруде табансыздық танытып отыр” деген желеумен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. 1953 жылы 30 желтоқсанда ақталды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:22 тамызда туғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:Қаратал ауданында туғандар Санат:26 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақстан судьялары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері