Маралтамыр, ШайжапырақҚазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім немесе Укекіре () – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық көген тамырлы өсімдіктер тегі. Қазақстанның альпілік, субальпілік шалғындарында, сор, сортаң жерлерде, құрғақ өзен арнасында, тастақты өзен жағалауларында өсетін 5 түрі бар.
Бұлардың биіктігі 6 — 100, кейде 180 см-дей болады. Сабағы бұтақтанбаған, жіңішке қырлы болып келген, жоғарғы жағы бірнеше жерден бунақталып жуандаған. Жапырақтары бүтін жиекті, кезектесіп орналасқан, кейде қауырсын тәрізді тілімделген. Гүлі қос жынысты, қан қызыл күлгін, сирек сары түсті. Гүлшоғыры — себет, жеке-жеке сабақ ұшында орналасқан. Жанама тамырлары арқылы тез көбейетін арамшөп. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі – тұқымша. Укекіре – улы өсімдік (гүлдеген кезде), онымен жылқы қатты уланады.
Түрлері Өсімдіктердің кең таралған жерлері - Солтүстік Африка, Азия, және Еуропа.Rhaponticum. Flora of China.
Жылтырақ шайжапырақ (R. nіtіdum) — республика флорасындағы эндемик түрдің бірі; Маралшөп тамыры (R. carthamoіdes) — дәрілік, тағамдық және мал азықтық өсімдікөлі Қаратау шайжапырағы (R. karatavіcum) — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
ТүрлеріHidalgo, O., et al. (2006). Phylogeny of Rhaponticum (Asteraceae, Cardueae–Centaureinae) and related genera inferred from nuclear and chloroplast DNA sequence data: taxonomic and biogeographic implications. Annals of Botany 97(5), 705-14.GRIN Species Records of Rhaponticum. Germplasm Resources Information Network (GRIN). * белгісімен Қазақстанда таралған түрлері белгіленген Rhaponticum acaule (L.) DC. Rhaponticum aulieatense Iljin* Rhaponticum australe (Gaudich.) Rhaponticum berardioides (Batt.) Dobignard Rhaponticum canariense DC. Rhaponticum carthamoides (Willd.) Iljin* - Маралшөп тамыры Rhaponticum centauroides (L.) O.Bolòs Rhaponticum coniferum (L.) Greuter Rhaponticum cossonianum (Ball) Greuter Rhaponticum exaltatum (Willk.) Greuter Rhaponticum heleniifolium Godr. & Gren. Rhaponticum hierroi (Eren.) Kangay Rhaponticum insigne (Boiss.) Wagenitz Rhaponticum integrifolium C.Winkl.* Rhapontikum karatavicum Iljin* - Қаратау шайжапырағы Rhaponticum longifolium (Hoffmanns. & Link) Dittrich Rhaponticum lyratum C.Winkl. ex Iljin* Rhaponticum namanganicum Iljin* Rhaponticum nanum Lipsky* Rhaponticum nitidum Fisch.* - Жылтырақ шайжапырақ Rhaponticum orientale (Serg.) Peshkova Rhaponticum pulchrum Fisch. & C.A.Mey. Rhaponticum repens - Жатаған укекіре Rhaponticum scariosum Lam. Rhaponticum serratuloides (Georgi) Bobrov
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер