Пневматолиттік кендер — пневматолиз процесі нәтижесінде түзілетін магматекті кендердің генетикалық тобы. Магма эманацияларының құрамына кіретін газ күйіндегі заттар мен сыртқы ортадағы тау жыныстарының жоғары температурада әрекеттесуінен грейзенді, альбититті, гидротермальды және метасоматикалы пегматитті Пневматолиттік кендер пайда болады. Пневматолиттік кендерге тән минералдар: кварц, топаз, мусковит, слюдалар, альбит, турмалин,флюорит, т.б. Пневматолиттік кендер Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Пневматолиттік кендер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.