Қалтаев Айдархан 18.12.1950 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – физика-математика ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000). Халықаралық инженер академиясының корреспонденті мүшесі.
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Кеңес Армиясы қатарында (1973–75) ҚазҰУ-да аспирант, инженер, ғылыми қызметкер, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін (1976–2008) атқарған. 2008 жылдан осы университетте Механика-математика факультеттінің деканы қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері «Газодинамика внутренних течений реагирующих смесей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері – сұйықтар мен газдар механикасына; дыбыстан төмен және дыбыстан жоғары жылдамдықтағы реакцияланатын газдардың қозғалу және даму заңдылықтары; реакцияланатын сұйықтардың фильтрациясы мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:18 желтоқсанда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Жаңақорғанда туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент мүшелері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті декандары Санат:Қазақстан инженерлері