Бақытжан Бейсенбекұлы Әнәпияев (2.4.1963 жылы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған) – биология ғылымдарының докторы (2001).

Өмірбаяны ҚазМУ-дың (1987, қазіргі ҚазҰУ) биология факультетін бітірген. Қазақ ұлттық тағамтану академиясында (1980) қызметкер. Ботаника институтында (1983) ғылыми қызметкер. ҚазМУ-дың биология факультетінде (1984) ғылыми қызметкер. Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтында (1997) жұмыс істеді.

Ғылыми еңбектері Әнәпияевтің ғылыми жұмысы астық тұқымдас дақылдарының гаплоидтық биотехнологиясын және оның экономика тиімділігін зерттеу мәселелеріне арналған. Әсіресе, бидайдың гаплоидтық биотехнологиясын жан-жақты зерттеу нәтижесінде бидайдың жоғары өнімді сорты алынды. Әнәпиев 130-дан астам ғылыми мақала, монография («Культура микроспор и гаплоидная биотехнология пшеницы», А., 2001), патенттердің авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:2 сәуірде туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері