Алабота – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданы жерінде орналасқан.
Гидрографикасы Ұзындығы 8,4 км, ені 5,1 км. Ең терең жері 8,5 м. Жауынға байланысты көлдің аумағы өзгеріп тұрады. Су бетінің орташа аумағы 36,0 км2. Солтүстік-шығыс жағалауы жарлауытты (1,5 – 2 м биіктікте), жиегінің қалған жері жайпақ. Көл жағалауында қамыс, алабында сораң өсімдіктер өседі. Суы ащы. Қараша айының бас кезінде қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көл алабы жазда мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы