Түйесай фосфорит кен орны - Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Кен орны Ақсай кенінен оңтүстік-батысқа 4 км, солтүстік батысқа 6 км-ге созылған, ені 500 – 600 м болып келетін ойпаңда жатыр. Ол Түйесай-1 және Түйесай-2 деп аталатын екі телімнен тұрады.

Геологиялық құрылымы Құрылымдық жағынан кен орындары ендік бағыттағы брахиантиклиналдық қатпарлармен ұштасқан. Фосфоритті шөгінді тау жыныстары қабатының ұзындығы 800 м, ол доломитті және кремнийлі горизонттарға сыйыстырылған. Өнімді қабаттың табанында қалыңдығы 2-3 м фосфоритті кангломераттар, одан жоғары қалыңдығы 2 м қабаттаса орналасқан фосфат-кремнийлі тақтатастар мен фосфориттер қалыптасқан.

Жатыс сипаты Қабаттың жалпы қалыңдығы 14-33 м. Түйесай фосфорит кенінің 200 м тереңдікте барланған қоры (категориялар бойынша): Түйесай-1 кенінде В – 1756 мың т, С1 – 5591 мың т, С2 – 1550 мың т, Р2О5-тің орташа мөлшері 23,6%; Түйесай-2 кенінде С2 – 2460 мың т, Р2О5-тің мөлшері 24%.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы кен орындары