Мариям Тохтаханқызы Семятова (9 мамыр, 1916, Қаратұрық ауылы, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы — 9 қараша 1967, Алматы) — актриса, Қазақ КСР халық әртісті (1954).
Өмірбаяны Сахналық жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.
1935 ж. Алматыдағы педагогикалық училищеге түседі
1937 ж. Ұйғыр музыка драма театры (қазіргі Ұйғыр музыкалы комедия театры) студиясында оқыды.
1935 — 67 ж. осы театрдың құрамында актриса болып, әр алуан рөлдерде ойнады.
Кәсіби театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі — У.А. Гаджибековтің “Аршин мал алан” музыкалық драмасындағы күтуші әйел Телли. Бұдан басқа ұйғырдың ұлттық және шетел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, қызғылықты шешім тапқан сахналық бейнелер. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ерлер рөлінде де ойнады. Қазақ жазушыларының шығармалары негізінде қойылған спектакльдерде Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”) және Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында) рөлдерін орындады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:9 мамырда туғандар Санат:1916 жылы туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:9 қарашада қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО актрисалары Санат:Қазақстан актрисалары Санат:XX ғасыр актрисалары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан ұйғырлары