Күленов Сәлемхат (1898, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 2 жылдық мұғалімдер курсын, 1933 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық социалдық егін шаруашылық академиясын бітірген. 1918 – 36 ж. Баянауыл ауданынданда мектеп мұғалімі, Павлодар уездік халық ағарту бөлімінде инспектор, меңгеруші, уездік жер басқармасының меңгерушісі, Павлодар ауданы атқару комитетінің төрағасы болып істеді. 1936 – 37 ж. Алматы облысы кеңшарлар басқармасының бастығы, Қазақ КСР-і кеңшарлар халық комиссарының 2-орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 ж. қазанда тұтқындалып атылды. 1957 ж. қыркүйекте ақталғанҚазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1946), А., 2004..

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:1898 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар