Талас ауданы — Қырғызстанның Талас облысындағы аудан. Облыстың батысында орналасқан. Орталығы — Манас ауылы.

Халқы 2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша қырғыздар 58867 аудан тұрғындарының ішінен 58448 адамды құрайды (немесе 99,3 %), орыстар — 170 адам немесе 0,3 %, басқалары — 249 адам (0,4 %).

Әкімшілік бөлінісі Талас ауданы құрамына 13 ауылдық округ пен 28 ауыл кіреді: Айдаралиев ауылдық округі: Көпірбазар (әкімшілік орталығы) ауылы Арал ауылдық округі: Арал (әкімшілік орталығы) ауылы Бекмолдаев ауылдық округі: Сасықбұлақ (әкімшілік орталығы), Қараой, Кеңес, Үлкентоғай ауылдары Бердіке батыр ауылдық округі: Құмарық (әкімшілік орталығы), Қозышақ, Арасан ауылдары Долан ауылдық округі: Тасарық (әкімшілік орталығы), Ақжар, Ортаарық ауылдары Жергетал ауылдық округі: Қызылту (әкімшілік орталығы), Шиыршық, Көкқасат ауылдары Көкой ауылдық округі: Көкой (әкімшілік орталығы) ауылы Қалба ауылдық округі: Қалба (әкімшілік орталығы), Атай Оғанбаев, Балбал, Бестас ауылдары Қарасу ауылдық округі: Қарасу (әкімшілік орталығы) ауылы Қуғанды ауылдық округі: Үшемшек (әкімшілік орталығы) ауылы Нұржанов ауылдық округі: Жонарық (әкімшілік орталығы), Көктоғай ауылдары Османқұлов ауылдық округі: Талдыбұлақ (әкімшілік орталығы), Аққорған ауылдары Өміралиев ауылдық округі: Манас (әкімшілік орталығы), Шатбазар ауылдары

Дереккөздер

Санат:Талас ауданы (Қырғызстан)