Аида Аршабекқызы Бейсенбаевa (1.6.1940 ж.т., Алматы қ.) – пед. ғыл. докт. (1997), проф. (1998), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1990). Қазақ мемл. пед. ин-тын (1964) және аспирантурасын (1969, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген соң осы ин-тта аға оқытушы (1970), доцент (1974), проф. (1998) қызметтерін атқарды. 1996 ж. «Пәнаралық байланыс негізінде жоғары сынып оқушыларына білім берудің ізгілендіруі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты: пәнаралық байланыс, білім беруді ізгілендіру, әлемдік білім беру кеңістігі жағдайындағы ғыл. мен практика интеграциясы мәселелері. Бейсенбаевa 200-ден астам ғыл. мақаланың, монография, оқулықтардың авторы. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер</span>

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Профессорлар