Махмұт Ақбиев“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 (25 қыркүйек 1930, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы — 3 ақпан 2022, Алматы, Қазақстан) – инженер-металлург, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1977). Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген (1952). Қазақ металлургия зауытында мастер, мартен цехы бастығының орынбасары, партком хатшысы (1958), кейін Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық комитетінің 2-хатшысы, 1964 жылы конвертер цехының бастығы, бас болат балқытушы, техника және өндіріс бөлімдерінің бастығы, бас инженері және комбинат директоры (1980–87) қызметтерін атқарған. Ақбиев Қазақстан Магниткасын техника қайта құру мен өндірісті жаңартуға үлес қосты. Қазақ КСР-і (1980) және КСРО (1984) Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазан революциясы орденімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері