Серік Сләм- бекұлы Шоқмайытов(1948 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы) – медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1994). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972,қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Buchenwald Children 26145.jpg Дәрігер, аспирант, ғылыми қызметкер, бас дәрігер (1972–87). Қазақ ұлттық медицина университеттінде профессор, проректор (1993–95) болды. 1995 жылдан ҚР Үкімет аппаратында бөлім меңгерушісі, Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында лаборатория жетекшісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері аллергология мен иммунология мәселелеріне арналған. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Дереккөздер: