Пятимар ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Пятимар, Аққұс, Борық, Плантация ауылдары кіреді. Орталығы – Пятимар ауылы. Округ құрамында болған Әлімбек ауылы 2003 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін деректер есебінен шығару туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1389 адамды (723 ер адам және 666 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аймағында орналасқан. Орал қаласынан 235 км, Жаңақала ауданынан 45 км қашықтықта орналасқан. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X томНегізгі қатынас автокөлік. 200 км асфальтталған жол.
Шаруашылығы Округте 144000 гектар жердің 136,0 мың гектары ауыл шаруашылық жері, соның ішінде 32 мың гектар шабындық, 104 мың гектар жер жайылым, 5982 гектар суармалы көлдіктер.
Пятимар ауылдық округінде 64 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер және жеке тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады.
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы ауылдық округтері