Аққыр – ескі қала орны. Жосалы т. ж. станциясының оңтүстік-батысында 140 км жерде, Аққыр тауының маңында орналасқан.

Алғаш 1948 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Аумағы 100х100 м шамасында. Заттай деректер қаланың 3-5 ғ. құрылысы екенін көрсетеді."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қармақшы ауданы географиясы Санат:Қызылорда облысы қоныстары