Жанбай ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Жанбай ауылы. Ауылдық округ құрамында болған Манаш ауылы 2007 жылдан бастап Жанбай ауылының құрамына енгізілгенИсатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3231 адамды (1652 ер адам және 1579 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Жанбай 2689 2296 3036 3231 Манаш 130 264 -
Сипаттамасы Оңтүстігі Каспий теңізімен, шығысы Тұщықұдық, Аққыстау ауылдық округтерімен, батысында Нарын ауылдық округімен шектеседі. Атырау-Астрахан тас жолы, Атырау-Астрахан теміржолы өтеді. Жанбай ауылының үстімен Обалы - Ақбас каналы өтеді. Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0
Тарихы 1930 жылдары осы өңірде құрылған ауылдық кеңестер негізінде қалыптасқан. Каспий теңізі мен Нарын құмының аралығында орналасқан ежелгі мекен. Әуелгі кезде тек балық шаруашылығымен айналысқан. 1939 жылдары Жанбай ауылдық кеңесіне «Жаңаталап» балық артелі, «Бірлік ту» ұжымшары қараған. 1945 ж. «Жаңаталап» колхозынан «III Интернационал» ауылшаруашылығы ұжымшары бөлініп шыққан. 1957 ж. «Родина», «Фурманов», «Ленин» атындағы колхоздар біріктіріліп «Забурын» қой кеңшарлары құрылған.
Әлеуметтік нысандары 1 емхана, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 1 АТС орталығы, 1 саз мектебі, 1 орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 балабақша жұмыс жасайды (2018).
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Округте 8 азық-түлік дүкені, 3 шаруашылық дүкені, 2 кафе, 1 базар, 2 май құю бекеті, 1 наубайхана, 1 дәріхана, 1 көлік жуу орны, 2 тойхана сияқты кәсіпкерлік нысандар халыққа қызмет етіп келеді. Жалпы ауылдық округ бойынша барлығы 3916 бас мүйізді ірі қара, 3937 бас қой, 452 ешкі, 2876 жылқы, 1405 түйе малы бар.
Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері: Рахметолла Жүнісбаев (Забурын с/с); Қалмен Мырзашев (Жанбай а/с); Рахмет Хасанов; Кибаш Бисенғалиев; Ақзинеп Елжанова; Мардаш Нүрекешев; Жұмағали Жуасов; Охиза Ғалымова; Сибат Ташпанов; Табылды Айтимов; Хатима Дайырова; Сапи Қалдыбаев; Боқан Ержанов; Мапон Дабылов; Ибатолла Жұмағазиев; Әнуарбек Зайдуллин; Алпамыс Хайдаров; Рахметолла Ғұбашев; Садуақас Наубетов; Ерік Сариев; Әліби Хайдаров; Едіге Досқалиев; Дидар Есмұқанов.
Жанбай ауылдық округінің жер-су атаулары Тоғызбай — тұзды көл. Аққыстау ауылынан батысқа қарай 25 км жерде. Ертеде теңіз жағасындағы балық кабылдайтын батағалар осы жерден тұзды қазып алып, оны желкен қайықтармен кемелерге тасып жеткізіп, өндіріске пайдаланған.
Дереккөздер
Санат:Исатай ауданы ауылдық округтері