Василий Васильевич Гусев (1.3.1925 ж. туған, Ресей, Саратов облысы) – Кеңес Одағының Батыры (17.11.43). Соғысқа дейін Мақтаарал ауданында механизатор болып жұмыс істеген. 1943 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Воронеж майданының 3-гвардиялық танк әскеріндегі 69-механикалық бригаданың мотоатқыштар батальонында пулеметші болды. Днепр үшін болған шайқаста ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Науаи қ-ндағы индустриялық техникумды аяқтап (1968), құрылыс шеберханасында жұмыс істеген.
Өмірбаяны 1925 жылы Саратов облысының Водгорянко селосында туады. 1935 жылы Гусевтердің отбасы Мақтаарал кеңшарына көшіп келеді. Соғыс басталғанда тракторист болып жұмыс істеп жүреді. 1943 жылдың ақпаныңда ол Қызыл Әскер қатарына шақырылып 69 механикаландырылған бригаданың құрамында шайқасады. 1943 жылдың 17 қарашасында 18 жасар В.Гусевке Кеңес Одағының Батыры беріледі. Василий Гусевтің әскери өмірі запастағы бөлімшеде болған кезінде басталды. Оқып жүргенде уақыт тез өтіп кеткен сияқты болды. Кеңес әскерінің тегеурінінен гитлершіл тобы 1943 жылдың күзіне таман Днепрдің арғы жағына қарай шегінді. Василий Гусев қызмет атқаратын полктің штабынан өзеннің оң жақ бетіне өту керек деген бұйрық алынды. Бір пулемет есебімен 37 атқыш балықшының шағын қайығына түнде отырып арғы жағаға қарай жүзіп кетті. Борап тұрған оқтың астымен ер жүрек жауынгерлер дұшпан тұрған жағаға шығып, бұталардың арасына барып жатты. Ұрысты өздері бастап, дұшпанның барлық атыс қаруларының оқ атуын өздеріне қарай қаратып, бүкіл батальонның өзеннен аман өтіп шығуын қамтамасыз етті. Таңертең Зарубенцы селосы, ал келесі күні түнде Григоровка селосы алынды. Бұл пулемет расчетының жауынгер Василий Гусевтің алғашқы рет жауынгерлік шыңдалуы еді. Днепр өзенінен өткен кезде және елді пункттерді алу кезінде көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін жас жауынгер «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Бірнеше күн өткеннен кейін Киев үшін болған ұрыстарда Василий Гусев «Максим» станокты пулеметінің үшінші номерлі жауынгері болып қызмет атқарған. Батальон Червонный орманынан немістерді қуып шығу керек деген бұйрық алады. Кескілескен жекпе-жек ұрыс басталып кетті. Фашистердің күші шабуылға шығушылардың күшіне қарағанда анағұрлым басым еді. Ұрыс даласы бірнеше рет қолдан қолға көшіп отырды. Бірақ та кеңес жауынгерлерінің ержүректілігі мен жауға деген өшпенділгі табысқа жеткізді. Гитлершілер шегіндіріліп, көптеген олжа колға түсті. Бұл ұрыста пулеметчик Василий Гусев ерлікпен соғысты. Оның дәл тигізген оғынан дұшпанның көптеген әскері жер жастанды. Осы кескілескен ауыр соғыс жөнінде мараппаттау қағазында сараң тілмен былай жазылған: «214,9- биіктік үшін болған ұрыста дұшпанның қарсы шабуылға шыққан кезінде Гусев пулеметтен оқ жаудыра жаудың шабуылына тойтарыс беріп, немістің 25 әскерін жойды. «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ беруге лайықты. Сөйтіп, Қазақстаннан келген жас жігіт 18 жасында ысылған жауынгер болды. 1943 жылдың желтоқсанында Василий Гусев жаралы болды. Госпитальдан шыққанан кейін 1944 жылдың 3 мамырында запастағы 41-артиллерия полкіне жіберілді, онан кейін Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. 1989 жылы қайтыс болған.
Марапаттары Кеңес Одағының Батыры (17.11.1943) - Днепрден өту, өзеннің батыс жағалауындағы плацдармды басып алу және ұстау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін; Ленин ордені (1943 ж. 17 қараша); 1-дәрежелі Отан соғысы ордені (1985); Қызыл Жұлдыз ордені (1943 ж. 5 қазан); «Еңбек Даңқы» ордені, 3-дәрежелі медаль:
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары