Ақ жапалақ () — түнгі жыртқыштар отрядына жататын, Арктикада тіршілік ететін жапалақтың бір түрі; поляр жапалағы жапалақтәрізділер тұқымдасына жататын құс.

Биологиялық сипаты Ұзындығы 53-66 см, салмағы 2 кг. Еркектері ұрғашыларынан кішіректеу. Тұяқтары қауырсындалған. Кәрі аталықтары ақ - ұрғашылары және балапандарының қауырсынында көлденең қоңыр дақтары бар. Ұялары жерде 3-11 жұмыртқа салады. Өсімталдығы қоректік қорға байланысты.

Таралуы Еуразия және Солтүстік Америка ормансыз тундраларық аймақтарын мекендейді, қыста оңтүстікке қарай ауысады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Дереккөздер

Санат:Жапалақтәрізділер