Қазақстан – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жағатал ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында, Алакөл көлінің аңғарындағы жусан, изен, көкпек басым өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23651904 1956 102,7 975 973 99,8 929 983 105,8
Тарихы 1964-1997 жылдары мал шаруашылығымен айналысатын Сарықұм кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде ауылда және округке қарасты Бесағаш ауылында ЖШС-лер және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы елді мекендері