Инвестициялық банк — шаруашылықтың түрлі салаларын қаржыландыруға және ұзақ мерзімді несие беруге, негізінен, құнды қағаздар арқылы маманданған банктер.
Инвестициялық банктің негізгі түрлері, инвестициялық трест-компаниялар, инвестициялық тригер, холдинг-компаниялар, қаржы компаниялары, іскерлік банктер, өнеркәсіптік банктер, т.б. Әлемдегі ірі инвестициялық банктер: “Мицубиси траст энд банкинг корпорейшн”, “Морган гаранти траст компани оф Нью-Йорк”, “Банкерс траст компани”, “Сумитомо банк”.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Экономика