Уманец Владимир Николаевич (2.1.1949 ж.т., Ресей, Алтай өлкесі, Хабарский ауданы Утянка с.) – техника ғылымдарының докторы (1992), Халықаралық инженерлер академиясының академигі (1995), Ресей гуманитарлық ғылымдар академиясының шетелдік мүшесі (2001).
Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. «Жезқазған түсті металлургия» өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтында инженер, аға инженер (1972–78), КСРО ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тау-кен институтының Краснояр бөлімшесінде кіші ғылыми қызметкер (1978–83), Қазақ КСР-і Геология министрлігінің Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1983–84), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында аға ғылыми қызметкер (1984–89), лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер (1989–2000); 2000 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор қызметін атқарды.
«Научно-методические основы комплексной оценки техногенных месторождений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Сілтемелер Қазақ ұлттық техникалық университеті Дереккөздер
Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Хабарский ауданында туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық инженерлер академияның академиктері Санат:Ресей гуманитарлық ғылымдар академиясының шетелдік мүшелері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Жезқазғантүстіметаллургия» өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Кен ісі институты қызметкерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары