Қуғантыр – Күнгей Алатау жотасындағы асу.

Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3908 м. Жотаның солтүстігіндегі Шілік өзінінің саласы - Қуғантыр өзені бойымен Ыстықкөл көліне құятын Ақсу өзенінің бастауына Қуғантыр арқылы соқпақ жол өтеді. Онымен салт атты адам мамыр-қазан айларында өте алады.Солтүстігінде мореналар, шағын мұздықтар, оңтүстігіндеде қорымтастар кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Күнгей Алатау