Теңіз (2022 ж. дейін — ПриморьеАтырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Теңіз ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде орналасқанҚазақ энциклопедиясы.
Тарихы солға|400px Приморье (Телячье) ауылының тарихы XVII ғасырдың ортасынан басталады. Нижный Новогород губерниясының көпестері Каспий теңізінің жағалауын мекендей бастаған, солардың мекендеген жері Ковалево селосы. Қазір оны Дәулет ата ауылы деп атайды. Міне, сол ауылдың адамдары бұзауларын судың ортасындағы аралға бағатын болған. Олар: солтүстігінде Бажанов атты батаға, батыста Демидов атты, оңтүстік батыста Глазов атты, шығысында «Нижняя» батағасы орналасқан еді. Қазір олардың орнында төбешіктер ғана қалған. Тек Глазов батағасының орнында 4 темір қазық қана тұрКиелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5. 1976 ж. осы маңдағы ұсақ ұжымшарларды біріктіріп, етті ірі қара мал өсіретін кеңшар ұйымдастырылды. Кеңшар негізінде 1996 ж. шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1248 адам (623 ер адам және 625 әйел адам) болса, 2009 жылы 1333 адамды (677 ер адам және 656 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1547 адамды (774 ер адам және 773 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Ю. Гагарин атындағы орта мектеп — 1956 жылы 7 жылдық, 1960 жылы 8 жылдық, 1975 жылы орта мектепке айналды. 2018 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. «Айсамал» бөбекжай-балабақшасы Приморье ауылдық клубы
Елді мекендегі көшелер Абай көшесі Дина көшесі Достық көшесі Жамбыл көшесі Жеңіс көшесі Исатай көшесі Құрманғазы көшесі Махамбет көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері