thumb|Мақта көбелегі Мақта көбелегі (Helіcoverpa atmіgera) — түнгі көбелектер тұқымдасына жататын зиянкестер Қазақстанда шөл аймақтардан басқа барлық жерде кең таралған.

Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 — 40 мм. Қанатының алдыңғы жағы сарғыш сұр түсті, ал артқы бөлігі — ақшылдау келеді. Қуыршақтары топырақта қыстайды да, көктемде топырақтың беткі қабатының температурасы 17 — 20°С болғанда ұшып шығып, өсімдіктің сабағына, жапырағына жұмыртқа (500-ге жуық) салады. Көбелектің жұлдызқұрттары 120-дай өсімдік түрлерін (әсресе мақта, жүгері, темекі, т.б.) зақымдайды. Жұлдызқұрттары жапырақты ойып жеп, қаңқасын ғана қалдырады. Гүл шанағын, гүлдерді, түйіндерді зақымдап, соның салдарынан өсімдік солып қалады. Мақтаның қауашағын тесіп, ішіндегі тұқымын жейді, осыған байланысты кейде оларды мақта “қауашағының құрты” деп те атайды.

Күресу шаралары күзде топырақты аударып, кесектерін ұсақтап қопсыту; көктемде арамшөптен тазарту; мақта алқабын түйнек салған кезде инсектицидтермен бүрку қажет.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Қабыршақ қанаттылар Санат:Мақта зиянкестері