Малахит () — минерал, карбонаттар класына жатады. Химиялық формуласы Cu2[CO3](ОН)2, CuO — 71,9% (Cu — 57,4%), СО2 — 19,9%, Н2О — 8,2%, аз мөлшерде СаО, Fe2O3, SіO2, т.б. кездеседі. малахиттің түсі ашық жасыл, көгілдір жасыл, қою жасыл, қаттылығы 3,5 — 4,0, сынғыш, тығыздығы 3900 — 4100 кг/м3. Малахит табиғатта ірі мыс кендерінің жер бетіне жақын тотық қабаттарында болады. Үлкен шоғырлы жиынтықтары (50 т-ға дейін) сирек кездеседі, олар негізінен 18 — 19 ғасырларда Ресейде (Төменгі Тагил|Төменгі Тагил аймағында), Чилиде өндірілген. Түрлі зергерлік және әшекейлік көркем бұйымдар жасауда қолданылады.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69 Ұсақталған түрлерінен бояу, тотық минералдарымен аралас бөлшектерінен мыс өндіріледі. Қазақстанда Қоңырат, Жезқазған, т.б. мыс кендерінің тотық қабаттарында өндірілген ірі малахит бөлшектерінің эталондары Геологиялық ғылымдар институтында сақталған.

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том Малахит галлереясы

Дереккөздер

Санат:Карбонат минералдар Санат:Мыс минералдары