Ваниль () – сүйсіндер тұқымдасына жататын өсімдік. Ванильдің хош иісті жемісі парфюмерия мен кондитер өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Ванильдің шыққан жері Мексика, ваниль қолмен тозаңдатылады. Жемісі піспей-ақ жинала береді. Оның құрамында: ванилин—1,2—2,7 %, қант—7,7 %, эфир майы—0,62 %, жәй май мен балауызы — 8,2 %, азотты зат—3,7 %, азотсыз зат—28,8 %.Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Санат:Сүйсіндер