Қайнарбұлақ — Түркістан облысының Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Қайнарбұлақ ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукентнан батысқа қарай 28 км жерде, Шұбарсу өзенінің бастауы маңында, қоңырбас, қияқ, т.б. эфемероидті өсімдіктер өскен сұр топырақты қуаң далада орналасқан.

Халқы Тұрғыны 1781 адам (2009).

Тарихы 1973 – 97 жылдары етті құс өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен акционерлік қоғам құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері