ТРАНСАЗИЯЛЫҚ МАГИСТРАЛЬ, Азияның Стамбұл – Анкара (Түркия) – Тебриз – Тегеран – Керман – Мешхед (Иран) – Герат – Кабул (Ауғанстан) – Пешавар – Равалпинди (Пәкстан) – Сринагар – Дели – Каликут (Калькутта, Үндістан) қалаларын байланыстыратын кең автомагистраль. Жалпы ұзындығы 9000 км, Түркияда 1820 км, Иранда 3000 км-ге жуық, Ауғанстанда 1160 км, Пәкстанда 580 км, Үндістанда 2380 км. Автомагистраль 1940 – 60 жылдар аралығында салынған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Сілтеме

Санат:Көлік және коммуникация