Тұрабай Әбдірахманұлы Оралов (1940–2000) – техника ғылымының докторы (1992), профессор (1997). Оқу жолы Қарағанды политехника институтын (1964, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техника университеті) бітірген. Жұмыс жолы Қарағанды қаласында аға аппаратшы, өндіріс шебері, техника инспектор (1964–1971), Қарағанды хим.-металлургия институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1979), жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1979–1982), Шымкент қаласындағы Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1982–1986), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1986–2000) болды. Ғылыми еңбектер 300-ден ас-там ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.

"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар