Диқан Дарқанбаев (15.7. 1937 ж. т., Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы) – белгілі шопан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1980) ж.

Сайрам ауыл шаруашылық бір жылдық курсын зоотехника мамандығы бойынша бітірді (1956). 1956 – 1957 ж. Созақ ауданы Энгельс кеңшарында қой ұрықтандырушы болды. 1961 – 1997 ж. әскери қызметін өтеп келгеннен бері «Қызылтаң» ұжымшарында шопан болып еңбек етуде. Қой басын көбейту, оның өнімділігін арттыру бағытында сіңірген еңбегі мол.

«Құрмет белгісі» (1976), Еңбек Қызыл Ту (1981) ордендерімен марапатталған. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы (1988)..Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Қазығұрт ауданында туғандар Санат:Шопандар Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазығұрт ауданының құрметті азаматтары