Кеңгір — Ұлытау облысы Жезқазған қаласына қарайтын ауыл, Кеңгір ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде, Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының аралығында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2441 адам (1303 ер адам және 1138 әйел адам) болса, 2009 жылы 2393 адамды (1200 ер адам және 1193 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2258 адамды (1148 ер адам және 1110 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Кеңгірде ЖШС, “Кеңгір” өндірістік кәсіпорны, орта мектеп, клуб, кітапхана, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, сауда орындары бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Жезқазған қалалық әкімдігі елді мекендері