Қалдар, Қолдар – Қалдар тауларының солтүстік-шығысындағы тұзды көл.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай ауылының шығысында 30 км жерде орналасқан. Аягөз алабында. Теңіз деңгейінен 369 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6,5 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 19,2 км, ең терең жері 4,1 м, су сыйымдылығы 17,9 млн.м3. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған.
Жағалау сипаты Жағалауы жайпауытты келген. Солтүстігінде Қызылқайнар көлі, шығысында Қарауылтөбе төбесі, оңтүстігінде Қошқар көлі, солтүстік-батысында Орталық төбесі орналасқан. Батысынан Таңсық өзені құяды. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Атырабы шабындыққа, жайылымға қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы көлдері