Александр Николаевич Подушкин (19.3.1953 жылы туған, Өзбекстан, Бекобод қ.) – тарих ғылмының докторы (1999), профессор (2003).
Ғылыми еңбектер «Арысская культура Южного Казахстана IV в. до н.э. – VI в. н.э.» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Отырар шұратындағы көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеді. 30-дан астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы"
1975 – 77 жылдары институтта стажер-зерттеуші бола жүріп, археолог мамандығын алды. 1977 – 79 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1979 жылдан Шымкент педогогикалық институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде, Шымкент институтында лаборант, кабинет меңгерушісі, оқытушы, аға оқытушы, КСРО тарихы, Қазақ КСР тарихы, Қазақстан тарихы кафедраларының доценті, профессоры. 1986-87 М.ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды."Орбасы" энциклопедиясы,2008. Александр Подушкин Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанның археологиясы, тарихы, мәдениеті жайында жазылған 4 монография мен 20-дан астам ғылым мақалалардың авторы. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологтары Санат:КСРО археологтары