Қамқалыкөл – Шу алабының төменгі ағысындағы көл.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылының оңтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 274 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 3,2 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км. Жағалауындағы батпақта қамыс өскен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, наурызда ериді. Мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы көлдері Санат:Шу су алабы